Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі «META College» колледжінің орман шаруашылығы факультетінің студенттеріне Бұтақты шатқалында танымдық сабақ ұйымдастырды.
Ұлттық парк мамандары студенттерге орманды қорғау және биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі жұмыстар туралы дәріс оқыды. Сабақ шатқалдағы экскурсиямен жалғасып, болашақ орманшылар ұлттық парктің табиғи ерекшеліктерімен танысты.
Табиғат аясында өткен сабақ студенттерге таңдаған мамандығының орман мен табиғи құндылықтарды сақтаудағы рөлін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.