Түрген филиалының 10 айлық жұмыс қорытындысы
2026 жылдың 10 айында Іле Алатауы ұлттық паркінің Түрген филиалында 11 гектар жерге 23 324 көшет отырғызылып, 39 гектардағы орман екпелері толықтырылды. 2027 жылғы отырғызу жұмыстарына 11,8 гектар жер дайындалды.
Өрттің алдын алу үшін 63 шақырым өртке қарсы жолақтың шөбі шабылып, 313 бірлескен рейд жүргізілді. Демалушыларға 9 650 ақпараттық парақша таратылып, өрт қауіпсіздігі бойынша 26 түсіндіру шарасы өткізілді. Филиал аумағында өртті ерте анықтайтын 4 жүйе орнатылды.
Сондай-ақ 95 экологиялық іс-шара аясында 4 405 ағаш отырғызылды. Туристік соқпақтар абаттандырылып, ескірген ақпараттық тақтайшалар ауыстырылды. 10 айда филиалға 170 мыңнан астам турист келді.







