Отбасылық демалыс
Іле-Алатау ұлттық паркінде бүкіл отбасымен, достарыңмен демалуға болады. Мұнда сіз белсенді ойын-сауықтан бастап Spa-ға дейін кез келген демалыс түрін таңдай аласыз. Ең қызықты локациялар:
«Гунны» Этноауылы.
«Гунны» этнографиялық демалыс базасында көшпелілердің тұрмысы, қазақ халқының әдет-ғұрыптары туралы көбірек білуге және ұлттық тағамдардың дәмін татып көруге болады.
«Тау-Дастархан» биік таулы кешені.
Сіздің отбасыңызбен немесе достарыңызбен демалу үшін ең жақсы жағдайлар мен сервисті үйлесімді қолданатын тауда орналасқан керемет орын. Мұнда қонақ үйде тоқтап, бассейндерде жүзуге немесе SPA-орталықта демалуға болады. Кешенде балаларға қажетті барлық заттар бар.
«Oi-Qaragai Lesnaya Skazka» тау курорты.
Іле-Алатау ұлттық паркінің солтүстік Тянь-Шань - қорық аймағында орналасқан әдемі жерлердің бірі, қылқан жапырақты ормандармен қоршалған жылдың төрт мезгілінде де демалуға болатын таулы эко-этно курорт. Мұнда отбасылық демалыс үшін барлық қажетті жағдайлар бар:жайлы үйлер, балалар алаңдары, тролль, ипподром және т. б.
Қала сыртындағы «Кумбель» қонақ үйі.
Қаладан алыстау ойын-сауықты қаласаңыз қала сыртындағы «Кумбель» қонақ үйін ұсынамыз. Мұнда жабық бассейн, жаттығу залы, сауна және монша бар. Атпен серуендеу әуесқойлары мини-саяхатқа атқа мініп бара алады. Сондай-ақ, аумақта үлкен көтергіші бар шағын тау шаңғысы және қажетті жабдықтарды жалға алуға болады.
«Тау-Самал» сауықтыру кешені.
«Тау-Самал» сауықтыру кешені саунада, моншада, хаммамада және самырсын фитопаросаунада демалыс ұсынады. Қысқы демалыс, шанамен, шаңғымен және баллондармен сырғанауға болады. Сондай-ақ бильярд және үстел теннисі ойындары бар.