№145 мектеп лицейінің оқушылары «Сиверс алмасының» тұқымын сеуіп акцияға қатысты.

Іле–Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орталық мекемесінде орналасқан «Алатаудың тылсым әлемі» атты визит орталығына №145 мектеп лицейінің оқушылары, қызыл кітапқа енген жануарлар мен құстар жайлы дәріс сабақ және экскурсияға қатысты. Оқушылар ұлттық парк жайлы пайдалы ақпараттарды біліп қоймай, табиғатты қорғауды, қоршаған ортаға құрметпен қарауды үйреніп, пайдалы мәліметтер алып, сұрақтар қойып өз ойларымен бөлісті. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында қызыл кітапқа енген «Сиверс алмасының» тұқымын сеуіп акцияға қатысты.