🌿💧 Табиғатты аялау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз!

🌿💧 Табиғатты аялау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз!

Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қарасты Үлкен Алматы орманшылығында, Үлкен Алматы көлі аумағында “Таза Қазақстан”, “Таза су, мөлдір бұлақ, жасыл табиғат” атты экологиялық акция өтті. ♻️

Акция барысында ұлттық парк қызметкерлері мен еріктілер көл маңын қоқыстан тазартып, табиғаттың тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты. Сонымен қатар, демалушыларға табиғатты қорғау, су көздерін ластамау және қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 🌱

Таза табиғат – болашақ ұрпаққа қалдыратын ең үлкен мұрамыз. Табиғатты бірге қорғайық! 💚

#ТазаҚазақстан #ТазаСу #ЖасылТабиғат #ІлеАлатауы #ҮлкенАлматыКөлі #ЭкологиялықАкция #ТабиғаттыАяла #EcoLife #KazakhstanNature