🌿 Іле Алатауы мамандары Үндістанда тәжірибе жинады.
Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк атынан екі ғылыми маман “Жабайы табиғат пен қоршаған ортаны сақтау саласындағы мамандарға арналған біліктілікті арттыру курсы” аясында Bandipur және Nagarhole Tiger Reserve қорықтарына барып, тәжірибе алмасып қайтты.
Конференцияның мақсаты – жабайы табиғатты басқару және қорғаудың үздік тәжірибелерін үйрету, жаңа технологияларды қолдану арқылы қатысушылардың қабілетін арттыру, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және биоәртүрлілікті тұрақты басқаруды насихаттау.
Олар мониторинг кезінде дрондар, GPS-трекерлер, AI камералар, спутниктік бақылау, GIS жүйелері және Patrol қосымшасымен танысты. Бұл технологиялар жабайы мысықтардың қозғалысын қадағалауға, браконьерлікті анықтауға, адам-жануар қақтығыстарын азайтуға, өрт қауіпін алдын алуға және қорықтағы биоәртүрлілікті тиімді сақтауға мүмкіндік береді.
