🌿 Орталық Азия табиғатты қорғауда күш біріктіруде

🌿 Орталық Азия табиғатты қорғауда күш біріктіруде

2026 жылғы 25–27 қыркүйекте Душанбе қаласында «Ромит» биосфералық резерватына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

🌍 Халықаралық алаңда табиғи мұраны сақтау, биоалуантүрлілікті қорғау және тұрақты даму мәселелері талқыланып, түрлі елдердің мамандары мен сарапшылары тәжірибе алмасты.

🤝 Қазақстан да халықаралық жиынға қатысып, биосфералық резерваттарды тиімді басқару, сирек және эндемикалық түрлерді сақтау, экологиялық ағарту және жергілікті қауымдастықтарды табиғатты қорғауға тарту бағытындағы тәжірибе алмасуға атсалысты.

🌿 Мұндай кездесулер Орталық Азия елдерінің табиғатты қорғау саласындағы байланысын нығайтып, ортақ экологиялық міндеттерді бірлесе шешуге мүмкіндік береді.

Табиғатта шекара жоқ. Оны сақтау — ортақ міндет.