🔹Іле Алатауы ұлттық паркінде жабайы жануарларға мониторинг жүргізілуде
♻️Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жабайы жануарлар дүниесіне тұрақты мониторинг жүргізіледі. Ұлттық парк қызметкерлері жануарлардың мекендеу ортасын қорғау, биотехниялық шаралар атқару және санақ жұмыстарын жүйелі түрде жүзеге асырады.
🍃Көктем мен жаздың басы – төлдеу маусымы. Осы кезеңде фототұзақ арқылы жабайы доңыз мегежіндерінің жас торайларына табиғи күтім жасап жатқан сәті тіркелді.
📍Доңыздар көбіне топтасып тіршілік етеді. Кей жағдайда бір үйірдегі мегежіндер тек өз төлдеріне ғана емес, басқа торайларға да қамқорлық танытады. Бұл – табиғаттағы топтық қамқорлықтың ерекше көрінісі.
🏔️Ұлттық парк аумағында жүргізіліп жатқан қорғау және мониторинг жұмыстары жабайы жануарлардың табиғи өсімін бақылауға мүмкіндік береді.