🔹Құрметті тұрғындар мен келушілер!

🔹Құрметті тұрғындар мен келушілер!

🔗«Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ сел қаупіне байланысты Түрген, Есік, Ақсай және Қаскелең шатқалдары уақытша жабылғанын хабарлайды.

📌Сонымен қатар, Алма-Арасан, Бутаковка, Кимасар, Ақ қайың, Маралсай және Котырбұлақ бақылау-өткізу бекеттері арқылы қозғалыс шектелді.

Аталған шаралар тұрғындардың, туристер мен демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ауа райының қолайсыздығына және таулы аймақтағы сел қаупінің артуына байланысты ықтимал қауіптердің алдын алу мақсатында қабылданды.

Азаматтардан уақытша шектеулерге түсіністікпен қарап, туристік бағыттарды жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді және жағдай тұрақталғанға дейін жабық учаскелерге барудан бас тартуды сұраймыз.

Шатқалдардың қайта ашылуы және қозғалыстың қалпына келтірілуі туралы ақпарат Ұлттық парктің ресми ақпараттық ресурстарында қосымша хабарланатын болады.

🚨Өз қауіпсіздігіңізге жауапкершілікпен қарап, сақтық шараларын қатаң сақтаңыз.

🏔️«Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ