1 мамыр – қазақстан халқының бірлігі күні

Бүгін – еліміздегі ең маңызды мерекелердің бірі – Қазақстан халқының бірлігі күні. Бұл күн – бейбітшілік пен келісімнің, достық пен өзара құрметтің символы.

Қазақстан – 130-дан астам ұлт пен ұлыстың ортақ үйі. Әрқайсысы өз мәдениеті мен дәстүрін сақтай отырып, бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүруде. Бірлік – еліміздің басты байлығы. Тек татулық пен түсіністік арқылы ғана біз жарқын болашаққа қадам баса аламыз.

Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Әр шаңыраққа амандық, береке, бейбіт өмір тілейміз!