Іле-Алатауы МҰТП, Талғар филиалында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» атты іс-шара өтті

Іле-Алатауы МҰТП, Талғар филиалында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» атты іс-шара өтті. Іс-шараға Талғар аудандық Қоғамдық кеңесінің «Аграрлық сектор, жер қатынастар, ветеринария, табиғат ресурстары, табиғатты қорғау және экология» мәселелері жөніндегі комиссия мүшесі Мусаханов Бектеміс Ермекұлы, «Талғар ауданы прокуратурасы» прокуроры Мұсабек Айдос Тұрлыбекұлы, «Алматы мемлекеттік табиғи қорығы» ғылыми іс жөніндегі директордың орынбасары Нурахметов Ерболат Серикович және филиал қызметкерлерінің қатысуларымен өтті. Сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі күресу, осы мәселеге орай арнайы қабылданған заңдарды, нормативтік құқықтық актілерді түсіндіріп, жемқорлықты болдырмау, алдын алу жолдары айтылды.