“Наурызнама-2024” онкүндігінің 15 наурызы “Қайырымдылық күні” игі істер марафоны. Осыған орай, Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Түрген филиалының қызметкерлері Түрген ауылының тұрғындарына қайырымдылық көмек көрсетті. Қайырымдылық іс-шараның негізгі мақсаты-ауылымыздың көңілі жүдеу адамдарына ерекше көңіл бөліп, көмек көрсету. Игі шара аясында, тұрғындар ризашылықтарын айтып, ізгі ниеттерін білдірді.