Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Алма-Арасан шатқалында екі бокстан, өрт сөндірушілерге арналған кабинет пен бөлмеден тұратын I типті жаңа орман өрт сөндіру станциясы пайдалануға берілді. Демеуші – «Өмір Строй» ЖШС. Демеушілік қаражат сомасы шамамен 32 млн. теңгені құрады.