Құрметті әріптестер мен достар! «Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ атынан және өз атымнан сіздерді дүниежүзілік туризм күнімен құттықтаймын. Табиғатты қорғау және экологиялық туризмді дамытуға қосқан үлестеріңіз үлкен алғысқа лайықты. Болашақ ұрпақтар үшін табиғат байлығын сақтап, тұрақты даму жолында сіздермен бірге жұмыс істеп жатқанымызды мақтан тұтамыз. Сіздерге зор денсаулық, табыс және жұмыстарыңызда үлкен жетістіктер тілеймін. Әр күндеріңіз жаңа жетістіктерге толы болып, ортақ еңбегіміз жемісті бола берсін.
Құрметпен, Бас директор А.С. Қонақбаев