«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Түрген ауылдық округі әкімі аппараты, «AMANAT» партиясы және Іле-Алатау Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Түрген филиалының қызметкерлері бірлесіп тазалық жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында шатқал аумағы тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, қоршаған ортаны қорғау бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Бұл — табиғатқа жанашырлық пен ортақ жауапкершіліктің көрінісі.