2025 жылдың қорытындысы бойынша Ақсай филиалының қызметі туралы.
2025 жылы Іле Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі бойынша 12 айлық жоспар толық орындалды.
Орманды қалпына келтіру және тұқымбақ жұмыстары.Көктемгі екпе ағаштарын отырғызу жұмыстары 10,0 га аумақта жүргізілді. Атап айтқанда, 3,0 га жерге 12 495 дана Шренк шыршасы, 5,0 га жерге 9 375 дана Сиверс алмасы, 2,0 га жерге 3 332 дана кәдімгі өрік отырғызылды. Сонымен қатар 11,0 га аумақта екпе ағаштарын толықтыру, 82,5 га жерде күтіп-баптау жұмыстары атқарылды.
Қаскелең орманшылығының тұқымбағында 0,24 га аумаққа Шренк шыршасының тұқымы себіліп, қанағаттанарлық шығым алынды. 2026 жылға арналған 10 га жерді топырақ дайындау жоспары толық орындалды. Орман тұқымдарын жинау көлемі 150 кг-ды құрады.
Өртке қарсы іс-шаралар.Филиал орманшылықтарында 21 км өртке қарсы жолақ жасалып, 83 км орман шаруашылық жолдары жөнделді және күтіп ұсталды. 4 өрт бақылау мұнарасы мен 4 тікұшақ алаңына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Өрттің алдын алу және жою мақсатында республикалық «Қорғау–2025» оқу-жаттығуы өткізілді.
Құқық бұзушылықтардың алдын алу
Филиал аумағында 29 инспектор мен 6 жедел топтың қатысуымен 305 рейд ұйымдастырылды.
Экологиялық ағарту жұмыстары
Жыл бойы барлығы 80 экологиялық ағарту іс-шарасы ұйымдастырылып, бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жарияланды.
Жануарлар дүниесін қорғау
Ақсай филиалында 5 фотоқақпан орнатылып, сирек кездесетін қар барысы, қоңыр аю және басқа да аңдар тіркелді. Қысқы кезеңде жануарларды қолдау мақсатында 7 210 кг жем және 900 кг тұз жалақ орнатылды.
Ұлттық парк табиғатты қорғау, орманды қалпына келтіру және биоалуантүрлілікті сақтау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруда.