2026 жылға арналған туризм инфрақұрылымын және таудағы жеңіл инфрақұрылымды одан әрі дамыту бойынша қысқа мерзімді жоспарды әзірлеу мақсатында Іле Алатауы ұлттық паркінің барлық аумақтары қаралды. Осы жұмыстар аясында Ақсай, Каскелең, Талғар, Түрген және Есік шатқалдарына барып, олардың инфрақұрылымдық жағдайы мен даму әлеуеті талданып, туристік бағыттарды дамыту, инженерлік желілерді жетілдіру және сервистік қызметтерді арттыру бойынша ұсыныстар қалыптастырылды.