Іле Алатауы ұлттық паркі – табиғи байлық пен туризм үндескен бірегей мекен. Жыл сайын парк аумағына келушілер саны артып, табиғат аясындағы демалыс пен экологиялық туризмге деген қызығушылық жоғарылап келеді.
2026 жылдың алғашқы 8 айында ұлттық паркке 1 миллионнан астам турист келді.
Біздің басты мақсатымыз – туризмді дамыта отырып, Іле Алатауының қайталанбас табиғатын сақтау, келушілер үшін қауіпсіз әрі жауапты демалыс мәдениетін қалыптастыру.
Дүниежүзілік туризм күні құтты болсын! Әрбір сапар табиғатқа деген құрметтен басталсын.