27 қыркүйек – Дүниежүзілік туризм күні «Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінде аталып өтті.
📌Іс-шара аясында экологиялық бастамаларға белсене атсалысып жүрген эко-белсенділер, серіктестер мен филиалдардағы туризм саласының үздік қызметкерлері арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ Алматы облысындағы табиғат қорғау мекемелері – Көлсай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі және Алматы мемлекеттік табиғи қорығының өкілдері шақырылып алғыс хаттар табысталды.
🎞️Шара барысында туризм саласының ел экономикасындағы орны мен маңызы, ұлттық парктер мен қорықтардың табиғатты қорғаудағы және халыққа экологиялық тәрбие берудегі рөлі ерекше атап өтілді. Қатысушылар сөз сөйлеп, өздерінің алғыстары мен жылы лебіздерін білдірді.
📌Қонақтарға ұлттық парк аумағында жүзеге асырылып жатқан абаттандыру жұмыстары таныстырылып, табиғи байлықтары мен туристік әлеуеті көрсетілді.
Бұл іс-шара туризмді тұрақты дамыту, экожүйені сақтау және табиғат қорғау саласындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңызды қадамы болды.