28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары күніне орай

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары күніне орай, Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркімен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеп, табиғатты қорғау мен экологиялық ақпарат тарату ісіне үлес қосып жүрген БАҚ өкілдері алғыс хатпен марапатталды.Бұл күн — қоғам мен табиғат арасындағы алтын көпір бола білген журналистер, фотографтар мен ақпарат саласының қызметкерлерінің еңбегін ерекше атап өтетін сәт. Іле-Алатау ұлттық паркі өз тарапынан табиғи байлығымызды насихаттап, қоршаған ортаны қорғауға үлес қосып жүрген барлық БАҚ өкілдеріне шынайы алғысын білдіреді. Табиғат – ортақ үйіміз. Оны сақтап, көркем бейнесін болашақ ұрпаққа жеткізу жолындағы еңбектеріңіз үшін ризашылығымызды білдіреміз.