Ғылыми бөлім мамандарының қызметтік сапары

Ағымдағы жылдың қазан айында Ғылыми бөлімнің қызметкерлері филиалдар бойынша 2023 жылы мемлекеттік инспекторлар атқарған фенологиялық бақылау жұмыстарының сапалығын анықтау мақсатында қызметтік сапарда болды. Алғашқы күні Медеу филиалының Үлкен Алматы, Кіші Алматы орманшылықтары мен Каменка орманшылығында болды. Күнделік жүргізу тәртібі бойынша орманшы мен инспекторларға ескертулер беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ғылыми мамандар Талғар филиалының Көкбастау, Қотырбұлақ, Талғар орманшылықтарында, сондай-ақ Түрген филиалының Есік, Түрген, Маловодный орманшылықтарында болып, фенологиялық бақылау бойынша инспекторлардың күнделік жүргізу тәртібі бойынша ағарту жұмыстарын атқарды.

  

ҒЗЖ және ТАБӘ бөлімінің басшысы Усербаева С.А., кіші ғылыми мамандар Тұрсынбай К.С. , Үсен С.
09.10.2023 жыл