«Алатаудың тылсым әлемі» паркіне саяхат

«Алатаудың тылсым әлемі» атты Іле – Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орталық мекемесінде орналасқан визит орталығына «Евразия аграрлық колледжі» орман шаруашылығы факультетінің студенттерін ұстаздары Омарова Динара Асылхановна бастап саяхатқа келді. Эколог – ағартушылар ұлттық парк жайлы мәлімет беріп, визит орталығымен таныстырып дәріс – сабақ жүргізді. Студенттер визит орталығынан шыққан бойы, Үлкен Алматы орманшылығындағы «Аюлы сарқырамасы» туристік соқпаққа саяхат жасады. Дәріс сабақ пен саяхатты қорытындылай келе, студенттерге ұлттық парк жайлы бақылау сұрақтар қойылды. Студенттер өз ойларымен бөлісіп, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін білдірді.