“Алатаудың тылсым әлемі” визит орталығы

Іле–Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің эколог-ағартушылары Д. Ущинск атындағы орта мектеп оқушыларына «Алатаудың тылсым әлемі» атты визит орталығында саяхат жүргізді. Саяхат барысында оқушылар ұлттық парк жайлы мәлімет алып, құстардың дыбысымен танысып, өз ойларымен бөлісіп, аң, құстар жайлы жұмбақ шешіп, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін білдірді.