«Таза табиғат» атты сенбілік өтті

Табиғатты таза ұстау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында Іле-Алатауы МҰТП нің Талғар филиалы Маралсай шатқалында туризм инженері А. Сартова, туризм мастерлері Т. Ботамолдаев, Р. Имамзаров, жедел топ инспекторы А. Алиевтің ұйымдастыруларымен «Таза табиғат» атты сенбілік өтті. Сенбілікке Қазақ ұлттық аграрлық университетінің орман шаруашылығы факультеті 4 курс студенттері қатысты. Студенттер табиғатты таза ұстауға белсене қатысып, орман шаруашылығына деген қызығушылықтарын танытты.