Алматыда халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша профилактикалық жұмыстар жалғасуда.

Алматыда халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша профилактикалық жұмыстар жалғасуда.

ТЖ басқармаларының қызметкерлері тұрғын үйлерде, базарларда, СОО-да, тау-орман алқаптарында және басқа да объектілерде түсіндіру іс-шараларын жүргізеді. Тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелері, жер сілкінісі кезіндегі әрекеттер, судағы сақтық шаралары және балалардың терезеден құлауының алдын алу туралы ескертіледі.

Сондай-ақ, құрғақ өсімдіктерді шабу және табиғи ортада ашық отты болдырмау жұмыстары жүргізілуде. Профилактикалық іс-шаралар Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында да белсенді іске асырылуда. Кейбір жерлерде демалушыларды кеңінен ақпараттандыру үшін механикаландырылған күзеттің арнайы техникасындағы дауыс зорайтқыш құрылғылар қолданылады.

Жұмыс қаланың барлық аудандарында жалғасуда.