«Алтын күз» атты мерекелік іс-шара

Іле-Алатауы МҰТП, Үлкен Алматы орманшылығында «Лидер» мектебінің оқушыларының қатысуымен «Алтын күз» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік іс шараны ұлттық парктің эколог – ағартушылары С.Абилова, П.Сайлаукенова, Д.Байларова және «Лидер» мектебінің ұстаздары ұйымдастырды. Өткізілген іс – шарада құттықтау сөздер айтылып, оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, квест ойындар ойнатылып, викториналық сұрақтар қойылды. Сонымен қатар белсене қатысқан қатысушыларға сыйлықтар тапсырылды. Іс – шараның негізгі мақсаты келешек ұрпақты табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу.