“Apricot fest”

Алматы облысында алғаш рет өңірлік “Apricot fest” – өрік фестивальі өтті. Аталған іс-шара агроэкотуризмді дамытуға бағытталып, бір алаңда фермерлерді, қолөнершілерді, өндірушілер мен туристерді тоғыстырды.
Фестивальға жиналған жұртшылық жергілікті бағбандардың ең үздік өнімдерін тамашалап, өріктен жасалған түрлі тағамдардан дәм татты.
Аталмыш шараға Іле-Алатауы, Көлсай көлдері, Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи парк өкілдері де қатысып,өз туристік өнімдерін ұсынып, ұлттық парктердің туристік әлеуетін таныстырды.
Мұндай фестивальдар жергілікті қауымдастық үшін де, шетелдік және ішкі туристер үшін де өте пайдалы — ол өңірдің табиғи байлығы мен мәдени мұрасын насихаттауға, жергілікті экономиканы қолдауға, әрі экологиялық туризмді дамытуға ықпал етеді.