Ақсай филиалында 2025 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар 57 839 га жердің 15 216 гектары орманмен көмкерілген.
Қаскелен мен Ақсай орманшылықтары жұмыс істейді.
📌 Орман шаруашылығы:
• 25 мыңнан астам ағаш көшеті отырғызылды
• 82 га-дан астам аумақта күтім жасалды
• Қарағай, өрік, шырша көшеттері егілді
• 95 кг жабайы өрік тұқымы жиналды
🔥 Өртке қарсы жұмыстар:
• 21 км өрт жолақтары жасалды
• 83 км жол жөнделді
• Өртке қарсы белгілер жаңартылды
Зиянкестермен күрес:
• 1000 га орманда зерттеу жүргізілді
• Құс ұялары орнатылды
• Зиянкестерден зардап шеккен 239 га орман тіркелді
🧾 Орман билеттері:
• 51 билет берілді (мал жаю, омарта, шөп шабу, марал жаю)
Тәртіп пен бақылау:
• 240 рейд жүргізілді
🌿 Туризм мен рекреация:
• 110% жоспар орындалды
• 5 жаңа әжетхана, 1 билборд, 5 суға түсуге тыйым белгісі орнатылды
📚 Экобілім беру:
Ақсай филиалы «Парктер шеруі» және «Таза Қазақстан» экологиялық акцияларына белсене қатысты.
📚 Аталған іс-шаралар аясында мектептер мен жазғы лагерьлермен бірлесе отырып, табиғатты қорғау бағытында экологиялық сабақтар, сенбіліктер мен танымдық кездесулер өткізілді.
🤝 Оқушылармен және жастармен жұмыс қоян-қолтық жүргізіліп, табиғатты сүю мен қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға тәрбиелеуге бағытталды.