«Асық ату» жарыс

Наурызбай ауданының 10 жыл толуына орай аудан мектептерінің ұстаздары мен өзге мекеме қызметкерлері арасында Ұлттық спортқа деген сүйіспеншілік пен қызығушылықты арттыру мақсатында ұйымдастырылған аудандық «Асық ату» жарысына, Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің «Жануарларды қорғау және молайту», «Табиғат пайдалану» бөлімдерінің мамандары қатысты. Ұлттық парк қызметкерлері жарысқа қатысып, белсенділік танытқандары үшін мақтау қағазымен марапатталды.