Аюсайдағы мәселелер: Мәжіліс депутаты туризм саласының өзекті түйткілдерін көзбен көрді Мәжіліс депутаты Екатерина Смолякова Аюсай шатқалына барып, аймақтағы туризмнің өзекті мәселелерін өз көзімен көріп, ішкі жағдаймен танысып қайтты. Сапар барысында инфрақұрылымның жеткіліксіздігі, санитарлық талаптардың сақталмауы және қауіпсіздік шараларының әлсіздігі сияқты негізгі түйткілдер көтерілді. Депутат жергілікті тұрғындармен, гидтермен және туристік сала өкілдерімен кездесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Бұл мәселелер алдағы заңнамалық бастамаларда ескерілмек.