«Парктер шеруі – 2025» және «Таза Қазақстан» табиғатты қорғау акциялары аясында Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мектеп орманшылықтарымен бірлескен кезекті экологиялық-танымдық іс-шарасы өтті.
Бұл жолы оқушылар көктемнің алғашқы жаршысы саналатын бәйшешек гүлінің табиғаттағы рөлімен тереңірек танысты. Шара барысында бәйшешектің ерекшеліктері, таралу аймағы және оны қорғаудың маңыздылығы туралы қызықты мәліметтер ұсынылды.
Экологиялық ойындар мен сұрақ-жауап арқылы оқушылардың белсенділігі артып, олардың табиғатқа деген сүйіспеншілігі мен жауапкершілік сезімі нығая түсті.
Іс-шараның мақсаты — жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа жанашыр болуға баулу. Табиғат ананың әрбір сыйын қадірлеуді осындай бастамалар арқылы үйрету — біздің ортақ міндетіміз