Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында «Бақыт соқпақтары» жобасын іске асыру аясында парктің бас директоры Ахметов Елнұр Мұхамеджанұлының, ұлттық парк қызметкерлерінің және «BI Group» ЖШС өкілдерінің қатысуымен жұмыс сапары өтті. Іс-шара барысында негізгі локациялар араланып, жаяу көпірлерді, демалыс аймақтарын, ақпараттық тақталарды және туристердің қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыруға бағытталған өзге де инфрақұрылым элементтерін орнату бойынша жобаның кезеңдері талқыланды.