«Бақытты қауіпсіз балалық шақ»

«Бақытты қауіпсіз балалық шақ» жобаның аясында Алматы облысының табиғат қорғау прокуратурасы Іле-Алатау ұлттық паркімен бірлесіп, қиын өмірлік жағдайға тап болған «Ковчег» әлеуметтік мекемесінің балаларын «Ой-Қарағай» тау шаңғысы курортына шығуды ұйымдастырды.

Шығу барысында балаларға қысқы ойын-сауықтар мен экологиялық ағартушылық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Экскурсиялық дәріс кезінде балаларға экологиялық мәдениеттің негіздері туралы айтылды, атап айтқанда:
⁃ «Таза Қазақстан» ұлттық жобасын іске асыру туралы;
⁃ табиғат тазалығын сақтаудың маңызы туралы;
⁃ еліміздің экологиясына ұқыпты қарау қажеттілігі туралы;
⁃ салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы туралы.

Одан кейін арнайы жабдықталған трассаларда шана мен тюбингпен сырғанау ұйымдастырылып, тәжірибелі нұсқаушылардың жетекшілігімен шаңғымен сырғанаудың негізгі дағдылары үйретілді.

Іс-шара соңында балаларға естелік сыйлықтар мен кәдесыйлар табыс етілді.
Мекеменің тәрбиешілері мен басшылығы бұл сапардың тек көңіл көтерумен ғана емес, сондай-ақ тәрбиелік мәнімен есте қалғанын атап өтті. Ал балалар жаңа экологиялық білімдерін өз өмірлерінде және болашақ мамандықтарында қолдануға ниет білдірді.

Өткізілген акция белсенді демалыс пен білім беру бағдарламаларын біріктіру балаларға уақытты көңілді өткізіп қана қоймай, олардың таным көкжиегін кеңейтуге және экологиялық санасын арттыруға көмектесетінін көрсетті.