«Биоалуантүрлілікті сақтайық»

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу мақсатында Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің «Экологиялық ағарту және рекреациялық мониторинг» бөлімінің қызметкерлері мен Ақсай филиалының инспекторлары «Таза Қазақстан» акциясы және «Биоалуантүрлілікті сақтайық» тақырыбындағы іс-шара қала мектептерінің қатысуымен «Бөбек» мектеп-гимназиясында өтті.
Іс-шара барысында оқушылар эко-квестке және дәріс сабаққа қатысып, қарағай көшеттерін отырғызып, тазалық акциясын өткізді.