Биоалуантүрлілікті сақтайық!

Биоалуантүрлілікті сақтайық!

Халықаралық тау күні аясында Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орналасқан «Алатаудың тылсым әлемі» визит-орталығында Евразия аграрлық колледжінің студенттерінің қатысуымен танымдық дәріс пен экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – тау экожүйесінің маңызын түсіндіру, табиғаттың биоалуантүрлілігін сақтау қажеттілігін насихаттау және жастардың экологиялық мәдениетін арттыру.