Бір сенбілікте 107 қап қоқыс жиналды!
Іле-Алатауы ұлттық паркінің аумағында табиғатты қорғауға және тау экожүйесін таза сақтауға бағытталған кезекті сенбілік өтті.
Бұл жолы TazaMen командасы Параволейбол федерациясымен және DeFacto Media Hub-пен бірлесіп, Тау Дастарханынан Алма-Арасан шатқалындағы бұлақтарға дейінгі бағытты тазалады.
Іс-шараға Талдықорған қаласынан арнайы келген 14 қатысушы қосылды. TazaMen командасымен бірге сенбілікке шамамен 45 адам қатысты.
Қатысушылар жол бойындағы қоқыстарды жинап, барлығы 107 қап қалдық шығарды. Жиналған қоқыс жол жиегіне қойылып, кейін Ұлттық парк қызметкерлері тарапынан арнайы шығарылды.
Талдықорғаннан арнайы келген қонақтарға ерекше алғыс білдіреміз! Табиғатты қорғау жолында уақыт бөліп, күш-жігерлеріңізді ортақ іске арнағандарыңыз үшін ризашылығымызды білдіреміз.
Сенбілікке қатысып, қоршаған ортаның тазалығына үлес қосқан әрбір жанға алғыс айтамыз!
Таза Қазақстан — әрқайсымыздан басталады!
#ІлеАлатауы #TazaMen #ТазаҚазақстан #ТазаТабиғат #АлмаАрасан