Бір топ ғылыми мамандар шатқалдарында далалық зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Қазан айының 11-күні ҒЗЖ және ТАБӘ бөлімінің басшысы бастаған бір топ ғылыми мамандар Шренк шыршасының табиғи жаңару жай-күйін бақылау мақсатында Ақсай филиалының Ақсай орманшылығы, Қарағайлы, Ақсай, Қырғауылды шатқалдарында далалық зерттеу жұмыстарын жүргізді. Жұмыс барысында мамандар теңіз деңгейінен 1680 м биіктікте, (43•6’50”С – 76•52’7”Ш) қайыңды-шыршалы орман басталатын орыннан, көлемі 20х20 болатындай етіп сынақ алаңшасын құрды. Белгіленген алаңшада өсіп тұрған Шренк шыршасының жетілген түрлерін, жас өркендер мен балауса аласа ағаштар тобын жеке санап, қауымдастыққа кіретін өзге де ағаш-бұталы, шөптесін өсімдіктердің үлгілерін алып, топырағының механикалық құрамын анықтау мақсатында топырағы қазып алынды.