«Біз қамқоршы боламыз, құстарға ұя саламыз»

«Біз қамқоршы боламыз, құстарға ұя саламыз»
Құстар – біздің досымыз! «Біз қамқоршы боламыз, құстарға ұя саламыз» деген ұран мен табиғат байлығын қорғап, құстарға деген сүйіспеншілік сезімді дамыту, көңілді көктемде құстарды қарсы алу, қамқорлық жасауға тәрбиелеу, оқушыларға тірі табиғат туралы жалпы түсінік беру мақсатында Іле–Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің эколог–ағартушылары, ғылыми зерттеу бөлімінің маманы және Медеу филиалының мемлекеттік инспекторлары, №60 мектеп гимназиясының оқушылары мен ұстаздары бірлесе отырып құстарға арналған ұяшықтар әзірлеп орнатты. Іс-шара Үлкен Алматы орманшылығы, Аюсай шатқалында орналасқан Мың көз соқпағында өтті. Мектеп оқушылары 10-нан астам құстарға арнап ұяшықтар жасап әкеліп, ағаштарға орнатты.
Мақсаты: Табиғат байлығын қорғап, құстарға деген сүйіспеншілік сезімді дамыту, көңілді көктемде құстарды қарсы алу, қамқорлық жасауға тәрбиелеу