22 сәуір күні Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында орналасқан Бутаковка шатқалына іссапар ұйымдастырылып, сапар барысында визит-орталықтың құрылыс барысы, бақылау өткізу бекеттерінің қызметі мен орман орналастыру жұмыстары зерделенді.
Іссапарға ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары М. Елемесов, «Қазақ орман орналастыру мекемесі» РМҚК директоры С. Баймуханбетов, Іле-Алатауы МҰТП РММ бас директоры Е. Ахметов, сондай-ақ жобаға қатысушы серіктестер — «Туранга Групп» ЖШС және Parqour ЖШС өкілдері мен ұлттық парк қызметкерлері қатысты.
Сапар барысында визит-орталық құрылысының қазіргі жағдайы, алдағы жоспарлар және олардың табиғат қорғау талаптарына сәйкестігі талқыланды. Сонымен қатар, бақылау өткізу бекеттерінің материалдық-техникалық жабдықталуы, автоматтандырылуы және орман орналастыру жұмыстары қаралды.