Cекциялық баяндамалар

Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 30 жылдығына арналған халықаралық конференция аясында секциялық баяндамалар өтті.📚

Қатысушылар келесі өзекті бағыттар бойынша пікір алмасты:

Таулы аумақтардың флоралық әртүрлілігі: қазіргі жағдайы, динамикасы және қорғау мәселелері;

Сирек кездесетін және қоныс аударатын жануарлар түрлерін сақтау – XXI ғасырдағы табиғат қорғау қызметінің негізгі сын-қатерлерінің бірі;

Ұлттық парктер: табиғатты сақтау мен экотуризмді дамыту арасындағы тұрақты тепе-теңдікті іздеу;

Жаһандық климаттық өзгерістер және таулы экожүйелердің тұрақтылығы: заманауи үрдістер.

Секция жұмысы барысында ғалымдар, табиғат қорғау саласының мамандары мен халықаралық сарапшылар тәжірибе алмасып, табиғи экожүйелерді сақтаудың өзекті мәселелерін талқылады.