Cу тасқыны қаупі

🔹Ақсай орманшылығы аумағында жауын-шашын салдарынан Ақсай және Қарағайлы өзендерінің су деңгейі көтеріліп, су тасқыны қаупі туындаған болатын.

🖇️Қауіпсіздік мақсатында өткізу бекеті уақытша жабылып, қауіпті учаскелерде бақылау күшейтілді.

♻️Табиғи ортаға, оның ішінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне қатысты жағдай тұрақты деп бағалануда. Ұлттық парк қызметкерлері мониторинг жұмыстарын жалғастыруда.