ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ: АЛМАТЫ ТАУЛАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК

2025 жылдың 27 күні «Kaz Alpine Club» ұйымдастыруымен Алматы қаласында «Алматы тауларындағы қауіпсіздік» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл шараға ұлттық парк қызметкерлері,құтқарушылар, альпинистер, туристік ұйымдардың өкілдері, экологтар және белсенді демалысты ұнататын қала тұрғындары қатысты.

Кездесудің басты мақсаты – таудағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жазатайым оқиғалардың алдын алу және туристер мен альпинистер арасында жауапкершілікті арттыру.

Негізгі талқыланған мәселелер:
1. Тауға шығудың негізгі қағидалары – дұрыс маршрут таңдау, ауа райын алдын ала тексеру, қажетті құрал-жабдықтар мен киімнің маңыздылығы.
2. Құтқару қызметтерімен байланыс – ТЖД мен альпинистік клубтардың жедел құтқару жұмыстары, төтенше жағдайда қалай әрекет ету керектігі.
3. Экологиялық аспектілер – табиғатты қорғау, қоқыс қалдырмау және тұрақты туризм қағидаларын сақтау.
4. Қоғамдық ақпараттандыру – туристерге арналған арнайы тренингтер мен қауіпсіздік шаралары туралы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу.

Кездесу барысында Алматы маңындағы танымал тау бағыттарындағы қауіпсіздік деңгейін арттыру жолдары талқыланып, нақты ұсыныстар жасалды.
Шара соңында қатысушылар болашақта тұрақты түрде кездесіп, тәжірибе алмасу және тау қауіпсіздігі бойынша бірлескен жобаларды іске асыру туралы келісімге келді.