«ДосболLike достық қолын ұсынайық» акциясы

«ДосболLike достық қолын ұсынайық» акциясы аясында «Рахым Сарсенбин атындағы №192 ЖББМ» КММ -де «Экология -табиғат жүрегі » атты эко-көрме өтілді. Көрмеге мектеп оқушыларының жұмыстары, топ балаларының ұжымдық жұмыстары қойылған. Барлық жұмыстар дәстүрлі және дәстүрлі емес түрлі техникада орындалған: табиғи материалдардан жасалған жапсыру жұмыстар, оригами, бисермен жапсырулар, «түрлі-түсті жіп» техникасындағы жұмыстар, пластилинография және т.б.
Іс-шараға Іле-Алатауы МҰТП эколог-ағартушылары және ЮНИСЕФ еріктілері қалдықтарды жинау пункті қатысты. Волонтерлер қалдықтарды сұрыптаудың құндылығы туралы айтып, оқушыларға қалдықтарды үш критерий бойынша сұрыптауға көмектесті: макулатура, металл және пластик. Іс-шарада эколог-ағартушылар, бастауыш және орта сынып оқушылары біздің әлемдегі маңызды экологиялық мәселелер туралы айтты. Дөңгелек үстелде олар климаттың өзгеруі және алдағы жұмыс туралы маңызды мәселелерді талқылады.
Эко-көрменің мақсаты: тірі табиғат объектілері мысалында әлемге қарым-қатынастың адамгершілік-құндылық тәжірибесін қалыптастыру және жинақтау, табиғатты қорғау қызметіне тарту.