Достар, сүйікті тауларымыздың тазалығы үшін қайта күш біріктіретін уақыт келді!

–Достар, сүйікті тауларымыздың тазалығы үшін қайта күш біріктіретін уақыт келді! 19 шілде Шымбұлақтың дәстүрлі бастамасы – ECO Day аясында жалпықалалық сенбілік болады. Шара курорт аумағында және Қаза болған альпинисттер мемориалына дейінгі жолда өтеді. Шара тек қоқыс жинау үшін емес, сонымен қатар аймақтың тұрақты дамуына үлес және келер ұрпаққа үлгі ретінде өтпек. Сондықтан келем деушілердің бәрін күтеміз. Ол күні сізді күтеді: -белсенді қатысушыларға сыйлықтар -онлайн тіркелгендерге тегін түскі ас -Шымбұлақ базалық станциясына дейін арқан жолмен тегін көтерілу -жергілікті экобрендтер жәрмеңкесі және қоқысты сұрыптау бойынша мастар-класстар 9:00-де Медеу базалық станциясында жинала бастаймыз, сол жерде қатысушыларды топтарға бөліп, кіру білезіктерін береді. Шара соңында жинаған қоқыстарды өлшейміз, ал қатты пластиктің бәрін қысқы маусымға жабдық дайындау үшін өңдеуге жібереміз. Маңызды: 18 жастан асқан, профиль шапкасындағы сілтеме арқылы онлайн тіркелген тұлғалар қатыса алады. Сол күнгі кесте туралы толық ақпаратты актуальные бөлімінен қарауға болады. Шымбұлақта өтетін ECO Day-ге келіңіздер: Бәріміз таудың тазалығына ат салысайық! «Шымбұлақ» курортының экологиялық бастамасын қолдаған серіктестерге алғысымызды білдіреміз!