Эко-квест

«Парктер шеруі» халықаралық экологиялық табиғат қорғау акциясы аясында Алматы біздің ортақ үйіміз» науқаны негізінде, №188 мектеп-гимназиясының «ЭкоӘлем» ұйымы Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің эколог-ағартушыларымен бірлесе отырып оқушылармен табиғат қорғау тақырыбында «Эко-квест» ойындарын өткізді. Іс-шараның басты мақсаты экологиялық құндылықты қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.