17 мамыр күні Көк-Жайлау аумағында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында экологиялық сенбілік өткізілді.
Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері еріктілермен, эко-белсенділермен және қоғам өкілдерімен бірлесіп, 100-ден астам қап қоқыс жинады.
Қалдықтарды жедел шығару мен қатысушыларды тасымалдауды ұйымдастыру мақсатында автокөлік тартылды.
Аталған іс-шара Көк-Жайлаудың тазалығы мен табиғи қалпын сақтау, сондай-ақ келушілердің экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталды.
Баршаңызды табиғатқа ұқыпты қарауға және ұлттық парк бастамаларын қолдауға шақырамыз.
«Таза Қазақстан» — әрбір азаматтың жауапкершілігі.