⚜️2026 жылғы 18 маусым күні Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 30 жылдығына арналған «Еуразиядағы тау экожүйелерінің сақталуы мен тұрақты дамуы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.
🔹Қазіргі уақытта ауқымды іс-шараға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Конференцияға Қазақстанның барлық 17 облысы мен республикалық маңызы бар 3 қаласынан, сондай-ақ Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресей мемлекеттерінен өкілдердің қатысуы күтілуде.
♻️Іс-шара барысында тау экожүйелерін сақтау, биоалуантүрлілікті қорғау, климаттық өзгерістер жағдайындағы табиғи кешендердің тұрақтылығы және экотуризмді тұрақты дамыту мәселелері талқыланады.
🍃Конференция Іле Алатауы ұлттық паркінің 30 жылдық қызметін қорытындылап, табиғатты қорғау саласындағы жаңа бастамаларды ілгерілетуге бағытталған маңызды алаң болмақ.