Құрметті әріптестер! Сіздерді еліміздегі ең ірі мегаполиске жақын орналасқан «Іле Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 30 жылдығына арналған «ЕУРАЗИЯДАҒЫ ТАУ ЭКОЖҮЙЕЛЕРІНІҢ САҚТАЛУЫ МЕН ТҰРАҚТЫ ДАМУЫ» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.
📆 Конференция 18–19 маусым күндері Алматы қаласында өтеді.
📌 Конференцияның мақсаты: таулы аймақтардың биоәралуандығын зерттеу, мониторинг жүргізу мен сақтау саласындағы заманауи тәсілдерді талқылау үшін ғалымдарды, зерттеушілерді, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мамандарын және ғылыми ұйымдардың өкілдерін біріктіру, сондай-ақ тау экожүйелерінің флорасы мен фаунасын қорғау саласында халықаралық ынтымақтастықты дамытуға үлес қосу.
💻 Конференция форматы: аралас формат (офлайн және онлайн)
📋 Конференцияны ұйымдастырушылар: “Іле Алатауы” МҰТП РММ, “Зоология институты” РМК, “Ботаника және фитоинтродукция институты” РМК, “Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ҒЗИ” ЖШС
