Наурыздың 7-13 жұлдызы аралығында Ғылым бөлімінің басшысы С.А. Усербаева және кіші ғылыми қызметкер К.С. Тұрсымбай парктегі 4 филиалда болып, мемлекет инспекторларына оқыту сессиясын жүргізді. Оқыту сессиясына орманшылар, инспекторлар, орман инженерлері, мастерлер қатысты. Оқыту барысында филиал қызметкерлеріне ғылым бөлімі мамандары фенология бақылауларын жүргізу мен фенология күнделігін толтыру тәртібін түсіндіріп, қосымша жадынама әзірлеп, инспектор құрамына таратты.