🏔️ Іле Алатауының биік таулы белдеуінде гималай ұлары тіркелді
Теңіз деңгейінен 2500–3300 метр биіктікте мекендейтін гималай ұлары (Tetraogallus himalayensis) бірнеше жетілген балапанымен бірге фототұзаққа тіркелді.
Бұл дерек түрдің табиғи ортада тұрақты көбейіп, оның мекендеуіне қолайлы жағдай сақталғанын көрсетеді. Ұлттық парк аумағында құстарды қорғау және мониторинг жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда.
Ұлар — Іле Алатауының бірегей табиғи байлығы.